Альпинистік дайындық бойынша оқу-жаттығу сабақтарын Алматы облысы ТЖД қызметкерлері өткізуде

Альпинистік дайындық бойынша оқу-жаттығу сабақтарын Алматы облысы ТЖД қызметкерлері өткізуде

Альпинистік дайындық бойынша оқу-жаттығу сабақтары Жедел-құтқару жасағының жаңадан келген қызметкерлерімен өткізілуде.
Таулы жерлерде зардап шеккендерге көмек көрсету және тасымалдау, тораптық қосылыстарды дұрыс бекіту, сақтандыру, әртүрлі карабиндер мен такелаждарды қолдану мен бекітудің дұрыстығы пысықталуда. Сондай-ақ, нақты жағдайларға жақын таулы жерлерде әртүрлі сынықтар мен жарақаттар кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдері пысықталуда.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі