
2024 жылдың 9-10 қазан аралығында Алматы облысында "Қазақ күресі"бойынша облыстық чемпионат өтті. Жарысқа Алматы облысы ТЖД жоспарлау және жедел басқару орталығының (басқару құқығында) қызметкері, жедел кезекшінің көмекшісі кіші сержант Уәлиев Дамир Қуатұлы қатысты. Чемпионатқа облыстың 11 ауданынан барлығы 70-тен астам спортшы қатысты.
Чемпионат қорытындысы бойынша Уәлиев Дамир 3-ші орынды иеленді және 2024 жылғы 5-9 қараша аралығында Жамбыл облысының Тараз қаласында өтетін Қазақстан Республикасының чемпионатына одан әрі қатысу үшін Алматы облысының құрама командасының құрамына қабылданды.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі