
Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің кызметкерлері газ баллон толтырып сатушы адамдармен «Өрт кезінде өзін-өзі ұстау ережелері»,«Өрттің туындауын болдырмау үшін тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелері», "Газ баллон толтыру кезіндегі ӨҚЕ" және Газ баллондарды пайдалану кезіндегі ӨҚЕ сақтау туралы» түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Алматы облысы ТЖД қызметкерлері газ құрылғылары мен баллондарды пайдалану кезінде қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау керектігін еске салады. Газдың шығуы ұмытшақтықтан немесе газ құбырларындағы, жабдықтардағы немесе газ құрылғыларындағы ақаулардан, сондай-ақ газ баллондарының дұрыс жұмыс істемеуінен пайда болатындығын ұмытпаңыз.
Пәтерде (үйде) газ-ауақоспасыныңжарылуынболдырмауүшінкелесіережелердісақтауқажет:
Сіздің қауіпсіздігіңіз өзіңіздің қолыңызда! Өрт қауіпсіздігінің негізгі ережелерін сақтай отырып, сіз өзіңіздің тұрғын үйіңіз бен мүліктеріңізді ғана емес, өміріңізді де сақтайсыз. Егер сіздің үйіңізде немесе пәтеріңізде өрт болса, сіз бұл туралы 101 өрт сөндіру қызметіне дереу хабарлауыңыз керек.
Алматы облысы ТЖД баспасөз кызметі