
Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әріновтың 2024 жылғы 19 қыркүйектегі №459-ж/қ бұйрығымен 2024 жылдың 30 қыркүйегінде ынтымақтастық және азаматтық қорғау жүйесін белсенді дамытуға қосқан үлестері үшін Алматы облысы әкімдігінің 2 қызметкерін, атап айтқанда, Қонаев қаласы мен Кеген ауданы әкімдерін Алғыс хатпен, сондай-ақ қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны, қызметтік жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін және «Скала-2024» арнайы оқу-жаттығуын ұйымдастыруға, дайындауға белсенді қатысқандары үшін Департаменттің аумақтық бөлімдерінің 2 бастығын және аға инженерін «Азаматтық қорғау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» төс белгісімен, «ӨС және АҚЖҚ» РММ өрт сөндіру бөлімінің 2 қызметкерін Алғыс хатпен марапаттады.
Сонымен қатар, Еңбек күнін мерекелеуге байланысты ҚР ТЖМ 2024 жылғы 24 қыркүйектегі №471-ж/қ бұйрығымен азаматтық қорғау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін облыстық ТЖД азаматтық қорғау органдарының ардагері Г. Сидорчук «Еңбек ардагері» медалімен наградталды.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі