
Бүгін Алматы облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде 2024 жылғы сырғыма және көшкін кезеңінің қорытындысы бойынша брифинг өтті.
Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бастығы Азаматов Дәурен Саматұлы өз сөзінде Алматы облысының Іле Алатауы тауларында 709 ірі және ұсақты мұздықтар, 285 мореналық көлдер, оның ішінде 76-сы аса қауіпті екендігін атап өтті.
Гидрометеорологиялық жағдайды бағалау және тау өзендерін бақылау үшін 34 бекетпен қамтамасыз етілді, оның ішінде 18-і жыл бойы, 16-сы маусымдық және 4-і «Қазселденқорғау» ММ диспетчерлік пункттері құралған.
Сел мен көшкінге жедел ден қою мақсатында «Қазселденқорғау» ММ филиалында жедел механикаландырылған жасақ құрылды.
Қайғылы салдарлардың қаупін азайту мақсатында өзендер мен автожолдар арналарының қауіпті учаскелерінде 16 ақпараттық қалқан мен ескерту белгілері қойылды.
Қазіргі таңда облыстың таулы аймақтарында сел жағдайы тұрақты.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі