Республикалық референдумда дауыс беру учаскелерiнде өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау тәртiбi

Республикалық референдумда дауыс беру учаскелерiнде өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау тәртiбi

Кезектен тыс дауыс беру учаскесi телефон байланысымен қамтамасыз етiледi. Әрбiр телефон аппаратының жанында жақын орналасқан өрт сөндiру бөлiмiнiң телефон нөмiрi бар тақтайша орнатылады (iлiнедi).

Дауыс беруге арналған үстелдердi, кабиналарды, жәшіктер мен жабдықты орналастыру адамдар мен материалдық құндылықтарды қауiпсiз эвакуациялауды қамтамасыз етудi ескере отырып, үй-жайдың периметрi бойынша жүзеге асырылады.

Дауыс беру учаскелерiнiң жұмысы қарсаңында құрылыс, жөндеу және ашық отты (алау жағу, қоқыс, қалдықтарды, ыдыстарды өртеу және электрмен, газбен дәнекерлеу жұмыстарын жүргiзу) пайдаланумен байланысты өзге де жұмыстарды жүргiзуге жол берiлмейдi. Көрсетiлген жұмыстар қызмет көрсетушi персоналдың тұрақты бақылауымен жүргiзiледi.

Дауыс беруге арналған кабиналардың, уақытша сауда нүктелерiнiң (буфеттер, ұяшықтар және өзге де осыған ұқсас үй-жайлар) орындары әр жерге орналасқан кемiнде екi эвакуациялау жолы бар үй-жайларда орналастырылады.

Қозғалыс қиылысатын және қарсы лектi болдырмайтындай етiп ұйымдастырылады. Адамдар легінің қозғалыс бағыты нұсқағыштармен белгiленедi.

            Дауыс беру учаскелерiн пайдалану кезiнде:

Эвакуациялау жолдарын, өрт сөндiру және байланыс құралдарына, электр энергиясын өшiру құрылғыларына қол жеткiзу жолдарын үймелеуге, сондай-ақ дауыс берумен байланысты iс-шараларды өткiзу кезiнде қосалқы эвакуациялық шығу жолдарының есiктерiн жабуға жол берiлмейдi.

Өрт шыққан жағдайда МІНДЕТТІ ТҮРДЕ:

Өрт шыққан туралы дабыл қағылған жағдайда ғимараттағы барлық адамдар жедел көшіру жоспарына сәйкес бөлмелерден шығып,ең қысқа жолдармен ғимараттан шығу керек. Көшіру кезінде сабырлық сақтау қажет.

Өрт шықан кезде дереу «101» және «112» номерлеріне қоңырау шалу қажет.

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі