Алматы облысының кадеттары Апаттар медицинасы орталығының 30 жылдық мерейтойымен құттықтады

Алматы облысының кадеттары  Апаттар медицинасы орталығының 30 жылдық мерейтойымен құттықтады

Алматы қаласында «Алатау» ТЖД базасында 7 балдан жоғары магнитудадағы жер сілкінісі кезінде зардап шеккендерге жедел медициналық көмек көрсету бойынша ауқымды оқу-жаттығулар өтті. Осы іс-шараның маңызды қатысушыларының бірі Алматы облысының 54 кадеттен тұратын тобы болды, олар Апаттар медицинасы орталығының 30 жылдық мерейтойымен құттықтау үшін келді.

Жас құтқарушылар медициналық мақсаттағы арнайы техника мен жабдықтардың көрмесіне қатысып, құтқару қызметтері мен медициналық бригадалардың жұмысымен танысты. Кадеттер кәсіби мамандардың жұмысын терең түсініп, төтенше жағдайларда жедел медициналық көмектің маңыздылығымен танысты.

Іс-шара соңында кадеттер Апаттар медицинасы орталығының мерейтойына орай ән айтып берді. Бұл қойылым ұрпақтар сабақтастығын және жас құтқарушылардың кез келген қауіп-қатер жағдайында адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғауға дайындығын білдірді.

 

 

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі