«Ақ жол» демократиялық партиясының өкілдері Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушыларын марапаттады

«Ақ жол» демократиялық партиясының өкілдері Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушыларын марапаттады

Ағымдағы жылдың 23 қыркүйегінде «Ақ жол» демократиялық партиясының өкілдері 2024 жылдың сәуір-мамыр айында Атырау облысында болған табиғи апаттарға қарсы күрестегі табандылығы мен батылдығы үшін Департаменттің «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» РММ және «Жедел құтқару жасағы» РММ 10 қызметкерін  «Апатпен күрескені үшін» медалімен марапаттады.

Сондай-ақ, 2024 жылғы 18 мамырда Алматы облысы Балқаш ауданының Іле өзенінде суға батып бара жатқан 14 жасар баланы құтқарған азамат  Н. Ақмолдаев «Адам өмірін құтқарған үшін» медалімен марапатталды.

 

 

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі