«Нурия» тұрғын-үй кешенінде QR кодпен жадынамалар орнатылды

«Нурия» тұрғын-үй кешенінде QR кодпен жадынамалар орнатылды

Талғар ауданының ТЖБ қызметкерлерімен көп қабатты тұрғын үйлерде QR кодпен жадынамалар орнатылды, солай «Нурия» тұрғын-үй кешенінде профилактикалық жұмыстар өткізілді, аталған жадынамалар кіреберістер мен лифтілерде, балалар ойын алаңында, тұрғын-үй кешеңінің дүкендерінде және дәріханаларында жабыстырылған, сонымен қатар тұрғындармен Алматы облысы ТЖД ресми парақшаларына сілтеме арқылы өту бойынша түсіндірме жұмыстары өткізіледі. Бұл жұмыстар өрт қауіпсіздік профилактикасына маңызы зор, өйткені ұялы телефондар дәуірінде барлық өрт қауіпсіздік және төтенше жағдайлар туралы ақпаратты өзіңнің смартфоныңнан білуге болады. Көп қабатты тұрғын үйлерге қойылатын өрт қауіпсіздігі талаптары жоғары, ал Талғар ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлерінің оларға қарым-қатынасы қатаң және мұқият, әрқашан бақылауда. Көп пәтерлі үйлерде эвакуация жолдарына, объектілерінің жүктелуі мүмкіндігіне,  сондай-ақ эвакуациялық жолдарды жабылуына ерекше назар аударылады, ғимараттардың жобалау құжаттамасына сәйкес өртке қарсы нормаларды сақтау ұсынылды, алғашқы өрт сөндіру құралдарының қажетті саны  және өрт дабылы мен автоматика құралдары болуы құптарлық, өртке қарсы сумен жабдықтау ұсынылды. Электр желісін шамадан тыс жүктемеу және қосылған электр аспаптарын қараусыз қалдырмау, тек жарамды электр құралдарын пайдалану ұсынылады. Электр қыздырғыш астында аспаптарды (электр плиталары, үтіктер, шәйнектер) жанбайтын және жылу өткізбейтін тіректер орнату қажет. Ақау табылған кезде розеткалар, ажыратқыштар, шамдардың ақаулары жойылғанша оларды токтан ажырату керек Өрт шыққан жағдайда дереу өртке қарсы қызметті шақырыңыз 101 немесе 112 телефондары.

 

         Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі