
Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Ерлан Турегелдиев Алматы облысы ТЖД бөлімшелерінің жеке құрамымен семинар-кеңес өткізді.
Іс-шарада жедел ден қою шаралары және азаматтық қорғау саласындағы заңнаманы жетілдіру шеңберінде жоспарланған өзгерістер талқыланды.
Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша қызметтік-әскери тәртіпті, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы, азаматтық қорғау органдары бөлімшелерінің техникасы мен мүлкіне ұқыпты қарауды сақтау жөнінде тапсырмалар берілді.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі