Аз қамтылған отбасыларға өрт қауіпсіздігі жағынан көмек көрсетілді

Аз қамтылған отбасыларға өрт қауіпсіздігі жағынан көмек көрсетілді

Өрт статистикасына сүйенсек, өрттердің негізгі саны жылуту кезеңінде тұрғын үй секторында болады, атап айтқанда халықтың аз қамтылған және әлеуметтік осал топтары зардап шегуде.

Талғар ауданының ТЖБ қызметкерлерімен жылыту маусымында өрттердің және улы газбен уланудың алдын алу бойынша түрлі іс-шаралар өткізіледі, сондай-ақ аудан бойынша "Абайлаңыз-улы газ. Жақсы істер тізбегі" акция өткізілуде. Талғар қаласының әкімдігінің қолдауымен ауданның көп балалы және адрестік көмекке мұқтаж отбасыларына көмек көрсету үшін меценаттар тартылуда. Талғар қ.2-МӨСБ қызметкерлері тұрғын үй секторын аралау кезінде, сондай-ақ рейд жүргізу кезінде Талғар ауданы ІІБ ЖПҚБ-мен бірлесіп атаулы көмекке мұқтаж отбасыларды анықтайды. Аталған отбасыларға "Жақсы істер тізбегі" акциясы аясында пештің түтіндігін тазалау, жарықтарды бітеу және улы газ датчиктерін орнату түрінде көмек көрсетіледі. Көп балалы аналарға, мүгедектерге және зейнеткерлерге көмек көрсетілді.Осы бағыттағы жұмыстар жылыту кезеңі аяқталуынша жалғасатын болады.

Құрметті азаматтар! Сізден өрт қауіпсіздігі ережелерін мүлтіксіз сақтауыңызды сұраймыз!

 

 Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі