Жарылғыш заттар және оқ-дәрілері бар объектілердегі өртті сөндіру

Жарылғыш заттар және оқ-дәрілері бар объектілердегі өртті сөндіру

Қазақстан Республикасының қорғаныс объектілерінде өрттерді сөндіру үшін Мемлекеттік өртке қарсы қызметті тарту тәртібі туралы Келісім шеңберінде жыл сайын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жарылыс, өрт қауіпті объектілерінде өрт- тактикалық оқу-жаттығулар өткізіледі. Осыған орай Қонаев қаласы, «65476 әскери бөлімі» РММ-де   өрт- тактикалық оқу-жаттығу өткізілді. Бәрімізге мәлім, өрт және жарылыс қауіпті оқ дәрілер, оқтар, жарылғыш заттар  қоймаларындағы өрттер кезінде адам өміріне және мемлекетке әкелетін шығыны өте үлкен. Жамбыл облысындағы, Түркістан облысындағы жарылыстар осының дәлелі. Осындай жарылыстарды болдырмау мақсатында Қорғаныс министрлігі мен Төтенше жағдайлар министрлігі арасында үлкен жұмыстар атқарылуда.

Оқу-жаттығудын мақсаты: жеке құрамның жауынгерлік дайындығын арттыру және 65476, 64192, 62064 әскери бөлімдері арасындағы өзара іс-қимылды арттыру. Бірінші ӨСЖ шұғыл жағдайды бағалау, өртті барлау жұмыстарын жүргізу, жауынгерлік іс-әрекетін тұжырымдап, шешуші бағытты уақытында қабылдап, жоғарғы шақыру номерімен басшы құрам келгенге дейін күштер мен құралдарды шоғырландыру. ӨСБ шартты өртті сөндіру кезіндегі жауынгерлік дайындығын бақылау. Өрт басындағы күш-құралдарды жедел штабтың басқаруы. Жеке құрам жарылыс қаупі бар қоймалардағы өрттерді сөндіру және жарылысты болдырмау мақсатында үйрету. Гарнизонның ӨСБ арасында және арнайы авариялық қызметтермен өзара іс-қимылдарды пысықтау.

 Нысанның тактикалық жағдайымен, конструкциялық ерекшеліктерімен танысу және «65476 әскери бөлімі» мен Алматы облысы ТЖД күштерімен құралдарының өзара іс-қимылын жетілдіру.

Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты - 65476 әскери бөлімі мен Алматы облысы ТЖД күштерінің өзара іс-қимылын жетілдіру.

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі