Егін жинау кезінде ережелерді сақтаңыз

Егін жинау кезінде ережелерді сақтаңыз

Бүгінде ауыл шаруашылығы дақылдарын жинау қарқынды жүріп жатыр. Жұмыс жүргізу уақытында келетін ыстық,құрғақ және желді ауа райы, ауыл шаруашылығы техникасы мен жанар-жағармай материалдарының көп мөлшері өрт қауіпін  туғызады.

Өрт жем-шөп жинау техникасына, тракторларға, автомобильдерге және өздігінен жүретін шассилерге отын құюдың белгіленген ережелерін бұзуын туындауы мүмкін. Төгілген май, бензин, керосин  басқа да тез тұтынатын және жанғышсұйықтықтар елеулі қауіп төндіруі мүмкін.Дала мен пішен алқаптарындағы өрттің себебі  ауыл шаруашылығы агрегаттарының пайдаланылған құбырларынан, оларда жарамды ұшқын сөндіргіштер болмаған кезде, агрегаттар тораптарында жиналған сабан массасының үйкелуінен ұшкын пайда болуы мүмкін.

Өрттің алдын алу және материалдық құндылықтардың жойылуына жол бермеу үшін келесі негізгі ережелерді сақтау қажет:Үй-жай учаскелерінде, тұрғын үйлердің пішен жинау аумақтарында  ғимараттар мен аула құрылыстарына дейін кемінде 15 метр қашықтықта орындалады.

Жол берілмейді:

1)сарайлардың шатырларына және басқа да шаруашылық қойма құрылыстарына;

2) электр беру желілерінің астына жинауға;

3) учаскенің сыртқы қоршауынан 3 метрден кем қашықтықта жинауға;

4)көшелерде, жолдарда, үй жанындағы  учаскелерден тыс жерлерде шөп, шөп маяларын, сабанды, басқа да ірі  жем  түрлерін орналастыруға.

Ірі жемді тасымалдау арнайы жабдықталған көлік құралдарымен  жүзеге асырылады және олардың пайдаланылатын  құбырлары радиатордың астынан  шығарылады  және  ұшқын сөндіргіштер  мен  жабдықталады, сондай-ақ екі ұнтақты өрт сөндіргішпен  қамтамасыз етіледі.

Ірі жем шөпті жинау биіктігі 4 метрден аспауы тиіс.