
Бүгін түнде Қарасай ауданы Мерей ауылының манында "Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі ғылыми-зерттеу институтының" базасының аумағында шатыр астындағы жиналған шөп пен шаруашылық құрылыс жанды.
Өрт сөндірушілердің жедел әрекеттерінің арқасында 557 ш.м. алаңда өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталуда.
Өрт орын алған кезде 112 нөмеріне хабарласыңыз!
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі