Алматы облысы ТЖД қызметкерлерімен өрт қауіпсіздігі бойынша өрт-тактикалық сабақтар өткізілді

Алматы облысы ТЖД қызметкерлерімен өрт қауіпсіздігі бойынша өрт-тактикалық сабақтар өткізілді

Алматы облысы ТЖД қызметкерлері, 28237 әскери бөлімінің 1-ші құтқару батальонының қызметкерлерімен бірлесіп Жамбыл ауданы аумағында орналасқан 28237 әскери бөлімінде өрт кауіпсіздігі бойынша арнайы-тактикалык оқу жаттығу өткізілді.
Жаттығу сценарий бойынша, шартты түрде автомобиль бокстарының бірінде электр
сымдарының қысқаша тұйықталуы орын алып, өрттің шығуына әкелді. Оқу жаттығу барысында
жеке құрамды және техникаларды эвакуациялау ұйымдастырылып, өрт сөндіру жұмыстары жүргізілді.

Жалпы оқу жаттығуға Алматы облысы ТЖД 12 қызметкер, 3 техника, 28237 әскери бөлімінен 20 қызметкер қатысты. Жамбыл ауданы ТЖБ қызметкерлерімен өрт қауіпсіздігі бойынша тексеріс жүргізіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.