
27 тамызда Алматы облысының ТЖД мен Алматы облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы бірлесе отырып, мемлекеттік тілді үйрену және дамыту тақырыбында шара өткізді.
1998 жылы 20 қаңтарда ҚР Бірінші Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жарлығымен 22 қыркүйек «Қазақстан халқы тілдерінің күні» болып белгіленді.
2017 жылы мереке күні 5 қыркүйекке ауыстырылды. Мейрамның жаңа датасы Ахмет Байтұрсынұлының дүниеге келген күніне сәйкестендіріліп таңдалып алынған.
Бұл мереке туған тілге деген құрмет пен сүйіспеншілікті, сондай-ақ, өзге ұлттардың мәдениеті мен дәстүрін тануға бағытталған.
Алматы облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының тілдерді оқыту, талдау, мониторинг бөлімінің басшысы А.Шыңғысбаева мемлекеттік тілді үйренуге арналған сайттармен таныстырды.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі