Конаев қаласындағы жылыту кезеңіне дайындық туралы

Конаев қаласындағы жылыту кезеңіне дайындық туралы

Жылыту маусымына дайындыққа байланысты жылыту пештерінің толық жарамдылығы және пеш мұржаларын уақтылы тазарту өрттер мен қайғылы оқиғалардың алдын алуға ықпал ететіні сөзсіз.

Жылыту мауысымының қарсанында Қонаев қаласының ТЖБ қызметкерлерімен тұрғын үй секторларында профилактикалық жұмыстар жүргізілді.

Жұмыс барысында жылыту пештерінің мұржаларын тазалау, пештердің ақауларын жою бойынша ұсыныстар берілді, сондай-ақ тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Тұрғындарға тұрмыстық өрт қауіпсіздігі бойынша жадынамалар таратылды. Әрбір өмір біз үшін құнды!

 Өзіңізге және жақындарыңызға қамқорлық жасаңыз!

                                       Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі