Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті Төрағасының Алматы облысындағы жұмыс сапары

Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті Төрағасының Алматы облысындағы жұмыс сапары

Кеген Тұрсынбаев ТЖД бөлімшелерінің қызметін тексеріп, Алатау қаласында құрылған Төтенше жағдайлар бөліміне барды.

Құтқарушылар мен әскери қызметшілердің қызмет атқару шарттарын бағалады, Жабдықтың техникалық жай-күйімен танысты. Облыс гарнизонының жеке құрамымен әңгімелесті.

Комитет төрағасы шұғыл ден қою және төтенше жағдайларды уақтылы болжау жөніндегі бірқатар міндеттерді, Департаменттің өзара іс-қимылды ұйымдастыру кезінде басқа мемлекеттік органдармен жүргізіліп жатқан жұмысын белгіледі.

Төраға сондай-ақ ТЖД бөлімшелерінің басшылық құрамымен жұмыс кеңесін өткізді, онда ТЖ Министрінің қызметтік-әскери тәртіпті, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы мүлтіксіз сақтау және Министрлік бөлімшелерінің техникасы мен мүлкіне ұқыпты қарау жөніндегі талаптарын жеткізді.

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі