Дауылды алдын ала ескерту

Дауылды алдын ала ескерту

Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті ескертеді: "Қазгидромет" РМК-ның 2020 жылғы 24 шілдесіндегі №49 дауылды ескертуі негізінде, 26-28 шілдеде Алматы облысында кейбір жерлерде күн күркіреу және бұршақ жаууы күтілуде. Жел солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауыса соғады, кей жерлерде 18-23 м/с, екпіні 30 м/с және одан да көп.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі