Балалардың отпен ойнауы

Балалардың отпен ойнауы

Жыл басынан бері Райымбек ауданы аумағында балалардың отпен ойнауы салдарынан 5 өрт оқиғасы орын алды.

Барлық білім беру мекемелері оқушыларының демалысқа шығуына байланысты балалардың отпен ойнауына жол бермеу мақсатында Райымбек ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері күнделікті «Instagram» парақшасында тікелей эфирлер жүргізеді, сонымен қатар «Instagram raimbek_bilim», «https://m.facebook» парақшалары, «raimbek_audani_akimdigi» сайтында мақала, жадынама-ескертпелер жариялап отырады, күнделікті «WhatsApp» қосымшасы арқылы оқушылардың ата-аналарына «Балалардың отпен ойнауы» тақырыбында бейнеороликтер мен жадынамалар жіберіліп отырады.

Райымбек ауданының төтенше жағдайлар бөлімі ата-аналарға балаларыңыздың назарын өрт болған жағдайдағы мінез-құлық ережелеріне аударуларыңыз қажеттігін хабарлайды:

· үйде немесе пәтерде қалмау керек, шкафқа, қоймаға, төсек астына тығылуға болмайды;

· өртті өздігінен сөндірумен айналыспау;

· мүлікті сақтау үшін өз өмірін тәуекелге тікпеу;

· терезе мен есіктерді айқара ашпау;

· су құбырларымен және арқанмен төменге түспеу;

· өрт болған жағдайда лифтті пайдалануға болмайды.

Әрбір бала өрт сөндірушілерді шақыра алатын «101» және «112» телефон нөмірлерін білуге тиіс. Балаларыңыз білуге тиісті ең басты нәрсе – ол өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау, отпен ойнауға жол бермеу. Бұл – әрбір отбасының міндеті мен парызы.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі