Алматы облысы ТЖД психологі семинар өткізді

Алматы облысы ТЖД психологі  семинар өткізді

Ағымдағы жылдың 2-тамызында Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің "Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" РММ Өрт сөндіру бөлімдерінің бастықтарымен және олардың орынбасарларымен  тәуелділіктің алдын алу ( алкоголизм, нашақорлық, лудомания, дәстүрлі емес радикалды діни ұйымдар, деструктивті мінез-құлық, отбасы туралы рухани құндылықтар, стресс)  мақсатында  Аарон Бек когнитивті мінез-құлық терапиясы (CBT)  мен Маслоудың қажеттілік Пирамидасы қамтылған  семинар өтті.

Семинар барысында ABCDE (CBT) техникасын қолдана отырып, жағымсыз ойлардан, мінез-құлықтан арылуды және салауатты ойлау мен әдеттерін қабылдауды үйрену, сондай-ақ стресстің алдын алу техникаларын қарамағындағы қызметкерлермен  аталған әдістерді қолдану ұсынылды. 

Кері байланыс кезінде өмірдің қай бағытын таңдау өз қолында  атты мәселелер  қамтылып, қызықтырған сұрақтарына жауап алды.

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі