Табиғаттағы өрт қауіпсіздігі шаралары

Табиғаттағы өрт қауіпсіздігі шаралары

Құрғақ шөптің жануы - басқарылмайтын процесс. Құрғақ шөптердің жануын тоқтату оңай емес. Өрттің үй-жайларға және орман алқаптарына тез тарау қаупі туындайды.

Сондықтан табиғаттағы өрт қауіпсіздігі шараларын сақтаңыз.

Табиғатқа, үй жанындағы учаскеге немесе саяжайға шыққан кезде, от жағатын жердің құрылыстан алыста (үй-жайлар мен құрылыстардан 50 м кем емес) және жанында тез тұтануы мүмкін ештеңе болмағанын алдын ала ойлаған жөн. Ағаштардың түбінде және құрғақ қылқан жапырақпен жабылған жерде мангалды тұтатпаңыз. Көмірді жағу үшін қолданған сұйықтық ыдысының қақпағын бірден жауып, алысырақ қойыңыз.

Егер жануды байқасаңыз - дереу өртке қарсы қызметке "101" немесе "112" телефондарына қоңырау шалыңыз. Шақыру кезінде өрттің орны, оның себебі және адамдар үшін ықтимал қауіпі туралы нақты ақпаратты жеткізіңіз. Бұдан әрі нақтылау ақпарат алу үшін атыңызды, телефон нөміріңізді атаңыз. Мүмкіндігінше өрт сөндіру машиналарын күтіп алуға біреуді жіберіңіз, себебі өрт сөндіру қызметкерлері жану орнына өтетін жол барма, қайда және қалай жылдам жетуге болатынын білмеуі мүмкін.

Ал содан кейін қолда бар құралдармен, қауіпсіздік шарасын сақтай отырып, жануды оқшаулауға кірісіңіз. Өртті ауыздықтау - көрші құрылыстар мен саяжай учаскелеріне оттың таралуына жол бермеу, оны жанып жатқан шөптерді су немесе құм арқылы сөндіріп, ағаш кесу материалдарын және от таралу жолындағы ағашты алып тастау арқылы жасауға болады. Егер адамның үстіндегі киімді өрт шалса, оған жүгіруге жол бермеңіз. Оны жерге құлатыңыз, жабындыға жабыңыз және үстіне мол су құйыңыз. Егер киімі жанып кетсе, күйген адамды шешіндірмеңіз, дененің зардап шеккен бөліктерін таза матамен жауып, жедел жәрдем шақырыңыз.

Саяжай қоғамдарында өртке қарсы су көздері болуы қажет, олардың орналасқан жері туралы келген өрт сөндірушілерге хабарлау қажет.

Сарқан ауданы ТЖБ қызметкерлері еске салады, өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Тек жалпы күш-жігермен ғана біз өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ете аламыз және ауыр зардаптардың туындауын болдырмаймыз.

 

Сарқан ауданы

ТЖБ инженері

азаматтық қорғау аға лейтенанты

Г. Қанапиянова