Балқаш көлі бойында күнделікті патрульдеу жұмыстары жалғасуда

Балқаш көлі бойында күнделікті патрульдеу жұмыстары жалғасуда

Күн сайын 14:00-ден 24:00 ге дейін жедел құтқару жасағының құтқарушылары моторлы қайықта Балқашта көлінің қауіпті учаскелеріне патрульдеу жұмыстарын жүргізеді.

Күнделікті рейд мақсаты Балқаш көлі демалушыларына судағы қауіпсіздік ережелері туралы тағы да еске салу. Алайда құтқарушылардың ескертпелері, судағы қайғылы оқиғалар туралы ақпараттар тұрғындарды тоқтатар емес, адамдар қайтадан сол жабайы жағажай маңына демалалуға барады.

«Рұқсат етілмеген жерлерге суға шомылуды адамдар бәрібір қоймайды, осындай күнделікті рейдтердің пайдасы тиіп, ең болмағанда біреуі түсінер, екінші біреулерді төтенше жағдайлардан сақтап қалар деп үміттенеміз.

Қала бойынша тіркелген 15 «демалыс орындары» бар екенін еске сала кетейік, рейд барысында сол әр бір жабайы жағажайда 1 адамнан 10 адамға дейін кездеседі. Құтқарушылардың «Бұл жерге түсуге болмайды» деген ескертуіне, тұрғындар сескене қарап, «Мен бұл жерде бала кезімнен бері суға түсіп келем», «Күн ыссы», «Жағажай алыста» деп сылтауратады, - дейді жасақтың сүңгуір-құтқару бөлімшесінің басшысы.

Сарқан ауданы ТЖБ қызметкерлері тұрғындарға суға мас күйде түспеуді, су объектілерінде жалғыз демалмауға, шектеу белгілерінің артында жүзіп кетпеуге және ең бастысы БАЛАЛАРДЫ ҚАРАУСЫЗ ҚАЛДЫРМАУҒА КЕҢЕС БЕРЕД!

 

Сарқан ауданы

ТЖБ бас маманы

азаматтық қорғау майорыЕ.Турсунов