
Балқаш ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері, Іле өзені бойында балалардың қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында. “Су айдынында балаларды сақтаңыздар” атты акциясы өткізілді.
Акцияның мақсаты-балалардың суда қаза болуына жол бермеу.
Акция барысында демалушыларға “Балалардың судағы қауіпсіздігі”, “Балаларды қараусыз қалдырмаңыз” тақырыптарында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, жаднама парақшалары таратылды.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі