Дауылды алдын ала ескерту

Дауылды алдын ала ескерту

Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті ескертеді: "Қазгидромет" РМК-ның 2020 жылғы 21 шілдесіндегі дауылды ескертуі негізінде, 22 шілдеде Алматы облысының кей жерлерінде найзағай, солтүстік-шығыстан 17-22 м/с жылдамдықпен жел соғады. Күндіз + 35 градус ыстық сақталады.
Алматы облысының ТЖД азаматтарды ауа райының өзгерістерін қадағалауға және сақтық шараларын сақтауға шақырады. 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі