
Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері судағы адамдардың өлімінің алдын алу мақсатында күн сайын, оның ішінде түнгі уақытта барлық мүдделі облыстық қызметтердің, 28237 әскери бөлімінің және волонтерлік ұйымдардың жеке құрамын тарта отырып, облыс су айдындарында рейдтік іс-шаралар өткізеді.
Демалыс және мереке күндері рейдтік іс-шаралар күшейтілген режимде өткізіледі.
Осы демалыс күндері рейдтік іс-шаралар Іле өзенінің жағалауында да өткізілді.
Рейдтік іс-шараларды жүргізу кезінде су айдындарында қауіпсіздік қағидаларын жеткізу үшін тепловизоры және дауыс зорайтқыш құрылғылары бар пилотсыз ұшу аппараттары қолданылды.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі