Алматы облысы ТЖД балаларымен жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында профилактикалық жұмыстар жүргізілуде

Алматы облысы ТЖД балаларымен жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында профилактикалық жұмыстар жүргізілуде

Алматы облысы ТЖД қызметкерлері балалармен жазатайым оқиғаларды болдырмау мақсатында ересектердің назарын балалармен жазатайым оқиғаларды болдырмауға көмектесетін белгілі бір ережелерді сақтау қажеттілігіне назар аудару бойынша профилактикалық жұмыс тұрақты негізде жүргізеді.
Облыстың қалалары мен аудандарында балалардың терезеден түсуінің алдын алу бойынша БАҚ-та жұмыс жүргізілуде. Баспа және электрондық БАҚ-та 46 материал шықты, әлеуметтік желілерде және қалалар мен аудандар әкімдерінің сайттарында балалардың терезеден құлауының алдын алу бойынша 136 материал орналастырылды.
2024 жылдың басынан Алматы облысы ТЖД аумақтық бөлімшелерімен 80 көппәтерлі тұрғын үйді (7000 пәтер), 8 тұрғын үй кешенін, 714 жеке тұрғын үйді (2 қабатты үй) қамтумен 116 рейд жүргізілді , барлығы 14760 адам қамтылды, 6700 жадынама таратылды.
Алматы облысы ТЖД аумақтық бөлімшелері білім беру бөлімдерінің өкілдерімен бірлесіп, барлық ата-аналар чаттарына және әлеуметтік желілердегі топтарға үгіт ақпаратын тарату бойынша оқу орындарымен жұмыс жүргізілуде.
Сондай-ақ, Алматы облысының аумағында аудан әкімдіктерімен, ПД, ТЖБ бірлесіп көпбалалы отбасыларға терезе блокаторларын орнату бойынша акциялар өткізілді.
Акция барысында:Қонаев қ. ТЖБ – 5, Ұйғыр ауданы ТЖБ-4, Талғар ауданы ТЖБ-8, Іле ауданы ТЖБ-15 блокаторлар орнатты.
Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі