"Жаны саудың-дені сау" тақырыбында семинар өтті

"Жаны саудың-дені сау" тақырыбында семинар өтті

Ағымдағы жылдың шілде айында Алматы облысы Төтенше жағдайлар
департаменті құрылымдық бөлімшелерінің жеке құрамымен салауатты өмір салтын қалыптастыру және тәуелділіктің алдын алу мақсатында (стресс, алкоголизм, нашақорлық, людомания, дәстүрлі емес радикалды діни ұйымдар, деструктивті мінез-құлық, отбасы туралы рухани құндылықтар) Қарғалы ауылы "аудандық аурухана" ШЖҚ МКК-де психолог-маманы А. Карамурзаеваның қатысуымен Алматы облысы гарнизонының жеке құрамы арасында "Жаны саудың-дені сау" тақырыбында семинар өтті.

Семинар барысында жеке құрам отбасылық құндылықтарға, өзімен қарым-қатынасқа, ішкі жан-дүниесіне қатысты сұрақтарға Кері байланыс барысында, әр қызметкер өз ойларын егжей-тегжейлі айтып,  МАК психологиялық картасының әдістерін қолдана отырып,  өздерін мазалаған сұрақтарға жауап алды.

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі