Абайлаңыз, ашық терезе!

Абайлаңыз, ашық терезе!

Құрметті ата—аналар балалардың терезеден құлау жағдайларының алдын алуға арналағн қарапайым сақтық ережелерін сақтайық!
🔺терезеге темір торды арнайы талаптарға сай орнату қажет яғни, өрт кезінде ғимараттан шығаруға оңай ашылатындай етіп қарастыру. Тор шыбықтарының арақашықтығы бала басы симайтындай (10 см-ден аспауы тиіс) орнату.
🔺іштен ашылатын немесе жылжымалы торларды балалардың ашпауы үшін, арнайы бекіткіштер орнату.
🔺үйде балалар болған жағдайда, ешқашан терезені ашық қалдырмау.
🔺жиһаздарды терезе жанынан алшақ қою.
🔺балконға ересектерсіз шықпауы туралы балаға түсіндіру, қадағалау.
🔺терезені, іштен ашылатын және жылжымалы торлардың ашу тәсілдерін балаға көрсетпеу, үйретпеу.
🔺балаларға сақтық шараларын ұдайы үйрету және түсіндіру.
🔺ешқашан ұйықтап жатқан баланы жалғыз қалдырмаңыз, себебі бала оянғанда терезеге қарай ұмтылу мүмкін.
🔺баланы терезе алдына мінгізбеңіз, ұдайы қолыңызда ұстап тұрыңыз.

☀️Біз үшін әр өмір маңызды.