Алматы облысында "2024 жылғы шомылу маусымы кезеңінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы" брифинг өтті

Алматы облысында "2024 жылғы шомылу маусымы кезеңінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы" брифинг өтті

Алматы облысының ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Ералы Маратұлы шомылу маусымы кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау, осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар бойынша баспасөз мәжілісін өткізді. Ералы Маратұлы ақпараттық-түсіндірме жұмыстары, балаларды суда жүзуге тегін үйрету, заң талаптарын бұзушыларды жауапқа тарту сынды жұмыстардың нәтижелерін баяндады.

Ағымдағы жылы қабылданған шаралардың нәтижесі өткен жылмен салыстырғанда балалардың өлімі санының азаюы болды. Шомылу маусымы кезеңінде (маусымнан тамызға дейін) балалардың қайтыс болу жағдайларының саны 1 жағдайға немесе 100% азайды. Сонымен қатар, шомылу маусымы кезінде 14 адам құтқарылды, оның ішінде 2 бала.

Мамыр айынан бастап судағы қауіпсіздікті сақтау бойынша рейдтік іс-шаралар, үгіт-насихат жұмыстары ұдайы атқарылуда. Департамент қызметкерлерімен облыстың стационарлық бассейндерінде 2500 бала жүзуге үйретіліп, «Балалардың судағы қауіпсіздігі» атты акциясы облыс аумағында жалғасуда.

Құрметті ата-аналар су айдындарында балаларды қараусыз қалдырғаныңыз үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы 412-бабына сәйкес Әкімшілік жаза қарастырылғанын ескертеміз.

 

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі