
2024 жылғы 25 шілдеде 5-ші қалалық-муниципалды жағажайда ауа-райының күрт өзгеруіне байланысты демалушылармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін шомылудан бас тарту ұсынылады.
Халықты ақпараттандыру үшін 100-ге жуық демалушыны қамти отырып, үгіт материалдары бар ескерту парақшаларын тарату ұйымдастырылды.
Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті ауданның барлық қонақтары мен тұрғындарынан ауа райы тұрақтанғанға дейін жағажайға барудан бас тартуды сұрайды.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі