
Алматы облысы ТЖД қызметкерлері полиция органдарымен бірлесіп "Асыл Арман"тұрғын үй кешенінде профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырды.
Іс-шаралар барысында 158 адамды қамти отырып, 10 нұсқама мен жиын өткізілді. Сондай-ақ, түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 235 жадынама мен магниттер таратылды.
Көпқабатты үйлердегі балалардың терезеден құлауын болдырмауға және өрт қауіпсіздігі мәселелеріне басты назар аударылды.
Ықтимал қауіптер туралы тұрғындардың хабардарлығын арттыруға бағытталған іс-шаралар. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі