
Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті ескертеді: "Қазгидромет" РМК-ның 2020 жылғы 17 шілдесіндегі дауылды ескертуі негізінде, күндіз 18 шілдеде Алматы облысының кей жерлерінде найзағай, шаңды дауыл, оңтүстік-шығыстан 17-22 м/с жылдамдықпен жел соғады. Күндіз + 35+37 градус ыстық сақталады.
Алматы облысының ТЖД азаматтарды ауа райының өзгерістерін қадағалауға және сақтық шараларын сақтауға шақырады.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі