
«Атамекен» Алматы облысының кәсіпкерлер палаталарының ақпараттық алаңында мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, сондай-ақ бизнес-қоғамдастықтың қатысуымен азаматтық қорғау органдарының тексеру іс-шараларын жүзеге асыру мәселелері бойынша кездесу өткізілді.
Сондай-ақ, қатысушыларға өрт қауіпсіздігі саласында жедел ден қою шараларын қолдану тәртібі жеткізілді.
Жедел ден қою шарасының түрі-бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) немесе қызметтің (жұмыстардың) жекелеген түрлерінің қызметін, жұмыстарын тоқтату.
Жедел ден қою шараларын қолдану тәртібі «Азаматтық қорғау туралы» Заңның 38-1-бабында баяндалған.
Мәселен, мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру барысында және (немесе) нәтижелері бойынша өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік инспектор, егер объектіні пайдалану (қызмет, жұмыс) жеке және (немесе) заңды тұлғалардың конституциялық құқықтарына, бостандықтары мен заңды мүдделеріне, адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға тікелей қатер, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндірген жағдайда жедел ден қою шараларын қолданады,.
Жедел ден қою шаралары бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) немесе қызметтің (жұмыстардың) жекелеген түрлерінің қызметін, жұмыстарын орындауын тоқтатуды қамтиды. Жедел ден қою шараларының қолданылу мерзімі тізбенің барлық талаптары үшін бірыңғай, яғни 60 күнтізбелік күн болып белгіленді.
Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі