
Алматы облысы Қарасай ауданының Шамалған теміржол станциясында цистернадан тұз қышқылының төгілу салдарын жою бойынша тактикалық-арнайы оқу-жаттығу өткізілді. Оқу-жаттығуға Шамалған теміржол станциясының құрылымдары, Департамент қызметкерлері және басқа да мүдделі органдар қатысты.
Оқу-жаттығудың мақсаты төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, сондай-ақ азаматтық қорғау қызметтері мен объектілік құралымдардың осындай оқиғаларға ден қоюға дайындығын тексеру болды.
Оқу-жаттығу барысында келесі іс-шаралар пысықталды:
- Ықтимал ластану аймағында халықты хабардар ету және эвакуациялау;
- Тұз қышқылының бөлінуін өлшеу;
- Өздігінен жабысатын шикі резеңке материалды қолдана отырып, ағып жатқан жерге пластырь жабыстыру;
- Тұз қышқылын салқындату үшін су пердесін беру;
- Құм мен әкті бере отырып, тұз қышқылы төгілген алаңды әкпен толтыру арқылы оқиға аймағын бейтараптандыру;
- Техника мен жеке құрамды дегазациялау.
Оқу-жаттығу нәтижесінде қойылған міндеттерге қол жеткізілді.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі