Миялы ауылының батыры Балқаш ауданындағы жас қыздың өмірін сақтап қалды

Миялы ауылының батыры Балқаш ауданындағы жас қыздың өмірін сақтап қалды

Балқаш ауданы, Миялы ауылында 14 шілдеде Азамат Әбдіхан Қ.М.Тасмұрын көшесіндегі ирригациялық каналда қауіпті жағдайға тап болған азамат Ж. Б. Альпиеваның өмірін сақтап, ерекше батылдық көрсетті.

Түсте Әбдіхан батып бара жатқан қызды байқап, оны жағаға шығару үшін бірден суға жүгірді.Оның жедел және шешуші әрекетінің арқасында қызды құтқарып, алғашқы көмек көрсетіп, жедел жәрдем шақырып, зардап шегушіні Балқаш ауданының орталық аудандық ауруханасына жедел жеткізді. Куәгерлердің айтуынша, Ж. Б. Альпиева кенеттен құрысулар басталған кезде қарама-қарсы жағалауға жүзуге тырысып, қиыншылыққа тап болды.

Алматы облысында күн сайын су айдындарында профилактикалық рейдтік іс-шаралар өткізіледі, оған жеке құрамның 200 астам адамы және жүзу құралдарының 11 бірлігі қатысады. Күндізгі іс-шаралардан басқа, түнгі уақытта шомылу сияқты судағы қауіпсіздік ережелерін бұзушыларды анықтау үшін дауыс зорайтқышы мен жылу түсіргіші бар дронды қолдана отырып, түнгі рейдтік іс-шаралар өткізіледі.

Облыс су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін 2024 жылдың басынан бастап ҚР ӘҚБтК 412-бабы бойынша 2 млн.80 мың 442 теңге сомасына айыппұл салумен 151 жеке тұлға және 55 мың 380 теңге сомасына 3 заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды (су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзу немесе орындамау).

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі