Қауіпсіз демалыс

Қауіпсіз демалыс

Талғар ауданының Төтенше жағдайлар бөлімімен «Қауіпсіз демалыс» акциясы жүргілуде, аталған акция шеңберінде «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» ЖҚ облыстық филиалымен бірге тікелей эфир өткізілді. Аталған эфир кезінде жазғы демалыс кезіндегі судағы, үйдегі және табиғатта демалу кезінде балалар қауіпсіздігі мәселесі көтерілді. Ата-аналарға балалардың қауіпсіздігі туралы ұсыныстар берілді.

Суда жақсы жүзе білу – судағы қауіпсіз демалыстың ең маңызды кепілдерінің бірі. Алайда тіпті суда жақсы жүзетін адам сақтып танытып, тәртіп және суда шомылу ережелерін ұстану керек. Әсіресе, ата аналар балаларына шомылу кезіндегі қауіпсіздікті сақтау керектігін түсіндіріп, өздері аталған ережелерді ұстану керек. Өйткені, ата ананың ереже ұстану қылық қимылдары бала үшін ең жақсы сабақ болады.

Міндетті түрде келесі судағы қауіпсіздік ережелерін ескеріп сақтаңыз:

  • Арнайы жабдықталған жағажайларда және ресми рұқсаты мен құтқару қызметі бар шомылуға арналған жерлерде ғана шомылу;
  • Шомыла алмайтын жағдайда, суға белден жоғары кірмеу;
  • Шомылу кезінде бір біріңізді көзден таса өтпеу;
  • Жағалаудан алысқа, буй мен қоршау белгілерінен ары жүзбеу;
  • Шомыла алмайтын жағдайда, үрлемелі матрацтар мен шеңберлермен пайдаланбау;
  • Кетіп бара жатқан катер, қайқтарға жақындап жүзбеу;
  • Қайықтан, көпірден және айлақтан суға секірмеу;
  • Өте ұзақ уақыт шомылмау, дене тоным және шаршау мүмкін;
  • Түнгі уақытта және мас күйінде шомылмау.

Жүзушінің суда денесі тоңазыған сәтте қол аяғының тартылуы мүмкін. Сіңір  тартылған жағдайда тез арада судан шығу қажет. Егер судан шығу мүмкіндігі болмаса, келесі әрекеттерді орындау керек:

  • Жүзу әдісін өзгерту – арқамен жүзу;
  • Қол саусақтарының тартылғанын сезген кезде, бірден күшпен жұдырық түйіп, қолды сілтеп, жұдырықты ашу керек;
  • Аяқтың балтыр бұлшық еттерінің сіңірі тартылған кезде бүгіліп екі қолмен аяқтың табанын ұстап өзіне тарту керек;
  • Сан бұлшық еттерінің сіңірі тартылған кезде аяқты жіліншіктен төмен сырт жағынан ұстап, тізені бүгіп, қолмен арқаға қарай тарту қажет;
  • Кез келген үкір затты денеге сұғып алу керек.

Құрметті ата аналар, педагогтар, демалыс аймақтардың басшылары! Балаларды қатаң бақылауда ұстаңыздар, оларды су қоймаларында үлкендердің қарауынсыз қалдырмаңыздар! Балалармен міндетті түрде сойлесіңіздер, қауіпсіз талаптарын ойын және оқиғалар түрінде түсіндіріңіздер! Балаларға жазғы демалыстарын қауіпсіз және мағыналы өткізуін тілейміз.

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі