Қапшағай су қоймасының жағалауындағы қауіпсіздік шаралары

Қапшағай су қоймасының жағалауындағы  қауіпсіздік шаралары

Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті Қонаев қаласының әкімдігімен бірлесіп Қапшағай су қоймасының жағалауында орналасқан жаппай демалыс орындарының басшыларымен шұғыл кеңес өткізді.

Бұл іс-шараның мақсаты шомылу кезінде адамдардың қаза болуына жол бермеу бойынша кешенді шаралар қабылдау болып табылады.

Кеңес барысында демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде проблемалық мәселелер мен оларды шешу жолдары талқыланды.

Демалыс орындарының басшыларына және мүдделі мемлекеттік органдарға жеке және коммуналдық жағажайлардағы жағдайды су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларының талаптарына сәйкес келтіру жөнінде тиісті міндеттер берілді.