Қапшағай су қоймасындағы ауқымды рейдтер

Қапшағай су қоймасындағы ауқымды рейдтер

 Алматы облысы ТЖД қызметкерлері ЖАО-мен, еріктілермен, прокуратурамен, Алматы облысының полициясымен және Ұзынағаш ауылының 28237 әскери қызметшілерімен бірлесіп, Қапшағай су қоймасының акваториясы бойынша жалпы саны 100-ден астам жеке құрамды тарта отырып, рейдтік іс-шаралар өткізілді.

Бірлескен рейдтік іс-шара барысында ТЖД қызметкерлері су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзғаны немесе орындамағаны үшін ҚР ӘҚБтК 412-бабы бойынша 5 жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Аталған тұлғаларға жалпы сомасы 64 мың 610 теңгеге әкімшілік айыппұл салынды.

Бұл бірлескен рейдтік іс-шаралар күн сайын өткізіледі және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2024 жылғы шомылу кезеңі аяқталғанға дейін жалғасады.

 Алматы  облысының құтқарушылары судағы қауіпсіздік ережелерін еске салады:

  • шомылуға тыйым салынған жерлерде шомылуға болмайды;
  • тереңдігі белгісіз суға сүңгуге болмайды;
  • қалқымалардан аса жүзуге болмайды;
  • алкогольдік ішімдік ішкен күйінде суға түспеңіз;
  • су көліктеріне жақын жүзбеңіз.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі