Мемлекеттік қызметшілер мен құқық қорғау органдарының спартакиадасы: Алматы облысы ТЖД жоғары нәтижелер көрсетуде

Мемлекеттік қызметшілер мен құқық қорғау органдарының спартакиадасы: Алматы облысы ТЖД жоғары нәтижелер көрсетуде

Шамалған ауылында орналасқан Үшқоңыр балалар-жасөспірімдер мектебінің аумағында Алматы облысы құқық қорғау органдары мен мемлекеттік қызметшілері арасында ХVI спартакиада өтті. Спартакиада аясында волейбол, шағын футбол , қазақша күрес, тоғызқұмалақ, жүзу, үстел теннисі, шахмат және гір көтеру бойынша жарыстар өтті.

Спартакиада қорытындысы бойынша Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жоғары нәтижелерге қол жеткізді:

  • Мини️ шағын футбол жарыстарында Алматы облысы ТЖД командасы 2 орын алды.Тоғызқұмалақта А. Құмарбекова мен Ж. Нүсіпов 1 орын алды.
  • Қазақ күресінен Жұпарбекұлы мен Қ.Сейдахмет тиісінше 2 және 3 орындарды, ал Ж. Мадигулов 3 орынды иеленді.
  • Жүзуден әйелдер арасында Э. Өмірбекова жеңіске жетті.Үстел теннисінде Қ. Қарыбаев пен Д.Занина өз санаттарында жеңімпаз атанды.
  • Шах️маттан бірінші орынды Д.Букатов, А.Қасымжанова және М. Мандыбаев иеленді.
  • Гір көтеру спортында бірінші орынды Д.Кадир, екінші орынды и. Аманқұлға, Ж.Мадигулов үшінші орынды иеленді.

 Жалпы командалық есепте Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті қол жеткізген нәтижелері үшін ақшалай сыйлық, кубоктар мен грамоталар алып, 2-орынға ие болды.

Алматы облысы ТЖД баспасөз кызметі