Қапшағай су қоймасында түнгі рейдтік іс-шаралар өткізілді

Қапшағай су қоймасында түнгі рейдтік іс-шаралар өткізілді

2024 жылғы 3-4 шілдеге қараған түні Алматы облысы ТЖД АҚБ әскери қызметшілері, Қонаев қ. ТЖБ әскери қызметшілерімен және ЖҚЖ құтқарушыларымен бірлесіп Қапшағай су қоймасында, атап айтқанда қалалық коммуналдық жағажайларда түнгі рейдтік іс-шаралар өткізді.

Рейд барысында су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзушылар, атап айтқанда түнгі уақытта шомылушылар анықталды.

Осы тұлғаларға 16 ҚР ӘҚБтК-нің 412-бабына сәйкес әкімшілік хаттамалар толтырылды. Жалпы сомасы 206 мың 752 теңгеге.

Рейдтік іс-шаралардың қорытындысы бойынша жағажай аумағында демалушылар байқалмады.

Қосымша, рейдтік іс-шараларды өткізу кезінде талаптарға бағынбау фактісі бойынша Алматы облысының ПД ЖПҚ қызметкерлері тартылды. Бұл адамдар Қонаев қаласының ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Демалушы азаматтарға су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін жеткізу бөлігінде рейд барысында түнде шомылушыларды анықтау үшін дрон кіріктірілген дауыс зорайтқыш құрылғы және тепловизор пайдаланылды

                

                                                                    Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі