
Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мүлік иелері бірлестіктерінің, пәтер иелері кооперативтерінің, басқарушы компаниялардың, кондоминимум объектілерінің өкілдерімен және көппәтерлі тұрғын үйлердің тұрғындарымен бірлесіп өрт қауіпсіздігін арттыру бойынша белсенді іс-шараларды жалғастыруда.
Өткізілген іс-шаралар шеңберінде 17 нұсқама мен жиын ұйымдастырылып, оған 1200 азамат қатысты. Сондай-ақ қауіпсіздік бойынша ұсыныстары бар 650 жадынамалар мен буклеттер жіберілді.
Осы бағыттағы жұмыс облыстың барлық тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Алматы облысыТЖД баспасөз қызметі