2024 жылғы шомылу маусымы кезеңінде демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері күн сайын күндізгі және түнгі уақытта Ұзынағаш ауылы 28237 әскери бөлімді және мүдделі органдардың қызметкерлерін тарта отырып рейдтік іс шаралар өткізеді .
Рейдтік іс-шаралар барысында демалушылармен судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы нұсқамалар мен әңгімелер жүргізеді.
Барлық профилактикалық іс-шаралармен қатар әкімшілік практикада жүргізіледі. Мәселен, ҚР ӘҚБтК-нің 412-бабы бойынша 2024 жылдың 6 айында облыс су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік 1 млн. 434 мың 342 теңге сомасына айыппұл салумен 103 жеке тұлға және 18 мың 460 теңге сомасына 1 заңды тұлға жауапкершілікке тартылды.
Полиция қызметкерлері шомылу маусымының басынан бастап алкогольдік ішімдіктер ішкені немесе қоғамдық орындарда мас күйінде жүргені үшін
ҚР ӘҚБтК 440-бабы бойынша 236 жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Бұл көрсеткіштер қауіпсіздік ережелерін бұзудың азаюына және облыс су айдындарында адам өлімінің азаюына оң әсер етеді.
Бұл ретте, бірлескен рейдтер барысында көліктік бақылау инспекциясы ҚР ӘҚБтК-нің 582-бабы 1,2,3,5-бөлігі бойынша 43 жеке тұлғаны кемелерді, оның iшiнде шағын көлемдi кемелердiпайдалану қағидаларын бұзу, сондай-ақ кеменi, оның iшiнде шағын көлемдi кеменi басқару құқығы жоқ адамның басқаруы үшін әкімшілік жауапкершілікке тартты. Сондай-ақ арнайы тұраққа анықталған бұзушылықтар жойылғанға дейін 2 су көлігі мен 1 қайық тұрағы.
Полиция қызметкерлері шомылу маусымының басынан бастап алкогольдік ішімдіктер ішкені немесе қоғамдық орындарда мас күйінде болғаны үшін
ҚР ӘҚБтК 440-бабы бойынша 236 жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Бұл көрсеткіштер қауіпсіздік ережелерін бұзудың азаюына және облыс су айдындарында адам өлімінің азаюына оң әсер етеді.
Мәселен, ағымдағы жылы адам өлімі санының өткен жылмен салыстырғанда 4 есеге немесе 7 жағдайға азаюына қол жеткізілді, оның ішінде балалар өлімі 100% - ға төмендеді.
Құрметті Алматы облысының тұрғындары мен қонақтары су айдындарындағы қарапайым қауіпсіздік ережелерін назардан тыс қалдырмаңыз.
Бұл сіздің өміріңізге шығын әкелуі мүмкін!
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі