Түрген шатқалындағы төтенше жағдайлардың алдын алу: таулы жағдайларда қауіпсіздікті қамтамасыз ету

Түрген шатқалындағы төтенше жағдайлардың алдын алу: таулы жағдайларда қауіпсіздікті қамтамасыз ету

Түрген шатқалында профилактикалық іс-шаралар жүргізілді яғни: өрт қауіпсіздігін күшейту, орман аймақтарында от жағуға тыйым салу, таулы жерлерде нұсқама жүргізу, сел ағындары кезіндегі іс-қимылдар және су айдындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету сиякты.

      Демалыс күндері Алматы облысы ТЖД қызметкерлері Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлерімен, жастар ресурстық орталығының мамандарымен, сондай-ақ полиция қызметкерлері мен ЖАО-мен бірлесіп демалыс орындарында рейдтер өткізеді.

     Іс-шаралардың мақсаты төтенше жағдайлардың алдын алу ғана емес, сонымен қатар тұрғындардың дайындық деңгейін арттыру болып табылады. Шаруашылық объектілері мен тұрғын үйлердің иелеріне қауіпсіздік пен төтенше жағдайларға дайындықты қамтамасыз етуге бағытталған ұсыныстар-хабарламалар таратылды.

     Таулы жерлерде, ықтимал сел ағындары мен орман өрттерінің қауіпсіздік ережелеріне ерекше назар аударылады. Ақпараттық материалдарды, соның ішінде брошюралар мен плакаттарды, төтенше жағдайлар туралы ұсыныстар 5000-нан астам адамға түсіндіріліп, судағы қауіпсіздік, өрт қауіпсіздігі ережелері, сел қауіпсіздігі туралы  2500 дана жадынамалары  таратылды.     

      Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті сел қауіпі кезінде негізгі ережелерін еске салады, мысалы, таулы аумақтағы ауа-райы жағдайында хабардар болу, нөсер жаңбыр туралы ескертулер және сел арналарына жүру ережелерін білу. Ұсыныстарға қауіпті аймақтарда лагерьлерді орналастыруға шектеулер және сел үйінділерінен кейін тау беткейлері мен арналар бойымен жүру кезінде ықтимал қауіптер туралы ескерту кіреді.

Сел ағындары кезіндегі әрекет:

    Егер сіз ашық жерде болсаңыз, жақындап келе жатқан сел ағынының шуын естігеннен кейін, сіз дереу кем дегенде 50-100 м жоғары көтерілуіңіз керек. Ескерген жөн, өмірге қауіп төндіретін үлкен салмақты тастар алыс қашықтыққа ағыннан лақтырылуы мүмкін екенін есте ұстаған жөн.

     Сондай-ақ, демалыс орындарындағы өрт қауіпсіздігі шаралары туралы: от жағуға, бөтелкелерді, шыны сынықтарын және басқа да қоқыстарды қалдыруға, темекі шегуге, жанып тұрған сіріңке мен темекі тұқылын тастауға тыйым салынады.

Аталмыш шаралары күн сайын Алматы облысының барлық аумағында жүргізіледі.

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі