Облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою комиссияның 2024 жылғы 01 шілде Алматы облысы әкімінің орынбасары Н.К. Кудайбергеновтың төрағалығымен комиссия отырысы өтті.
Отырыста бес мәселе қаралды:
- Алматы облысы аумағындағы мореналық көлдердің жай-күйі туралы (жоспардан тыс).
- Көшкін, сел қаупі бар кезең іс-шараларының өтуі, қауіпсіздігін қамтамасыз ету және іске асыру туралы (жоспардан тыс).
- Төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында биік ғимараттарда кешенді үгіт-насихат іс-шараларын жүргізу (жоспардан тыс).
- «ОРМАН» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу (ағымдағы жылдың 8-14 шілде аралығында) (жоспардан тыс).
- 2024 жылғы шомылу маусымы кезеңінде азаматтардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралардын өтуі туралы (жоспардан тыс).
Жоғарыда көсетілген бес мәселе бойынша отырыс қорытындысында аудан және қала әкімдеріне, облыстық департамент, басқарма басшыларына орындау мерзімдерін белгілей отырып, нақты тапсырмалар берілді.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі