2024 жылғы 27 маусымда Алматы облысы ТЖД қызметкерлері Қапшағай су қоймасының қалалық коммуналдық жағажайларында кезекті күндізгі және түнгі рейдтік іс-шаралар өткізді. Іс-шаралар барысында демалушыларға судағы қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, жадынамалар таратылды. Рейд барысында су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзушылар анықталды. ҚР ӘҚБтК-нің 412-бабына сәйкес күндізгі уақытта жалпы сомасы 77 мың 532 теңгеге 6 әкімшілік хаттама жасалды.
Түнгі уақытта шомылушыларға жалпы сомасы 387 мың 660 теңгеге 30 әкімшілік хаттама жасалды. Сондай-ақ, талаптарға бағынбау фактісі бойынша, рейдтік іс-шараларды өткізу кезінде Алматы облысы ПД СОБР қызметкерлері тартылды, түнгі рейдтік іс-шаралардың қорытындысы бойынша жағажай аумағында демалушылар байқалмады.
Алматы облысының ТЖД азаматтарды судағы қауіпсіздік ережелерін бұзбауға шақырады!
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі