Алматы облысында шопан іздестірілуде

Алматы облысында шопан іздестірілуде

 2024 жылғы 25 маусымынан сағат 19:30-дан бастап таулы аумақта , Ұзынқарғалы өзенінің бойында, Қарғалы ауылдық округінің Жамбыл ауданы Қарғалы ауылынан 4 шақырым жерде 1970 жылы туған ер адамның іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілуде, ол таңғы сағат 06:00-де мал жаюға шығып, жоғалып кетті.

Облыс орталығынан Қонаев қаласынан қашықтық – 130 шақырым, жақын маңдағы өрт сөндіру бөлімінен - 35 шақырым.

Іздестіруге 10 қызметкер мен 4 бірлік техника жұмылдырылды, оның ішінде 1 ҰҰА, 1 жүзу құралы және 1 Алматы облысы ТЖД кинологиялық есебі, 6 құтқарушы, 1 бірлік техника және 1 ҚР ТЖМ РЖҚО кинологиялық есебі, полиция департаментінің 4 қызметкері және 1 бірлік техникасы, 5 жергілікті тұрғын.

Іздеу жалғасуда.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі