Алматы облысы ТЖД қызметкерлері күн сайын Қапшағай су қоймасында түнгі рейдтік іс-шаралар өткізілді

Алматы облысы ТЖД қызметкерлері күн сайын Қапшағай су қоймасында түнгі рейдтік іс-шаралар өткізілді

Алматы облысы ТЖД қызметкерлері күн сайын Қапшағай су қоймасында, атап айтқанда қалалық коммуналдық жағажайларда түнгі рейдтік іс-шаралар өткізеді.

Бұл рейдтік іс-шаралардың мақсаты су айдындарында, түнгі уақытта шомылу бөлігінде қауіпсіздік қағидаларын бұзу фактілерін анықтау және жол бермеу болып табылады.

Осы Қағидаларды бұзған адамдарға ҚР ӘҚБтК-нің 412-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар жасалады.

Ағымдағы жылдың 25 маусымында су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін жалпы сомасы 77 мың 532 теңгеге 6 жеке тұлға тартылды.

Сонымен қатар, рейдтер жүргізу кезінде шомылушыларды анықтау үшін тепловизоры және хабарлау үшін дауыс зорайтқыш бар ҰҰА қолданылады.

Рейдтік іс-шаралардың қорытындысы бойынша жағажай аумағында демалушылар байқалмайды.

Осындай іс-шаралар шомылу маусымы басталғаннан бері күнделікті өткізілетін болады.        

Алматы облысының ТЖД азаматтарды судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады

 

                                                    Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі