Азаматтық қорғаныс басқармасының, Қонаев қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері, Алматы облысы Қонаев қалалық ТЖБ құтқарушылары, прокуратура, көліктік бақылау инспекциясы қызметкерлерімен бірлесіп , Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі 28237 әскери бөлімінің әскери қызметкерлері Қапшағай су қоймасында судағы қауіпсіздік ережелерін түсіндіру мақсатында профилактикалық рейдтер жүргізді.
Шаралар барысында 7 мыңнан астам демалушыларға судағы қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, жадынамалар берілді. Сондай-ақ, рейд барысында айыппұл тұрағына 5 реактивті шаңғы мен 2 қайық қойылды.
ҚР ӘҚБтК-нің 412-бабы (Судағы қауіпсіздік ережелерін бұзу) бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 582-бабы бойынша (Құқық бұзушылық) 35 әкімшілік материал құрастырылды. кемелерді, оның ішінде шағын көлемді кемелерді пайдалану, сондай-ақ кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені басқаруға құқығы жоқ тұлғаның басқаруы қағидаларының) 18 әкімшілік материал құрастырылды.
Рейдтік шараларға 97 адам қатысты. Оның ішінде Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінен 32 адам, 28237 әскери бөлімінен 30 әскери қызметкер, 11 полиция қызметкері, жергілікті атқарушы органдардан 14 адам және 10 ерікті
Алматы облысының ТЖД азаматтарды судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі