
Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік өрт бақылау және қадағалау қызметкерлерінің кәсіби шеберлігін арттыру және жұмысын ынталандыру мақсатында «Алматы облысының Өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі үздік мемлекеттік инспектор» конкурсы өткізілді.
Теориялық бөлім Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге тестілеу түрінде, практикалық бөлім өрт қауіпсіздігі талаптарының анықталған бұзушылықтарын жою туралы нұсқама жасай отырып, объектіде шартты профилактикалық бақылау жүргізу түрінде өткізілді.
Байқау қорытындысы бойынша
1 орынды Іле ауданы ТЖБ аға инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты
Г. Е. Мәжит,
2 орынды Ұйғыр ауданы ТЖБ бас маманы азаматтық қорғау капитаны Р. М. Қасымов,
3 орынды ТЖБ бас маманы Қонаев қаласы,азаматтық қорғау аға лейтенанты
А. А. Әбділқақ иеленді.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі